Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы 2019 жылдың 22 қазанында Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдық мерейтойына арналған "Әбдіжәміл Нұрпейісов: шеберлік феномені" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
1. А. Нұрпейісов және XXI ғасырдағы әдебиет және өнер
2. Жазушы тұлғасы және қазіргі БАҚ мәселелері
Ғылыми шара Нұр-сұлтан қ., Сәтпаев, 2 көшесінде орналасқан ЕУҰ-нің бас ғимаратындағы 259 аудиториясында сағат 10.00-де басталады.
Электрондық пошта: zhurnalistika@yandex.kz; didigova@inbox.ru
Байланыс телефондары: 8 (7172) 709-500; (ішкі. тел.: 35-110), 8-705-741-81-53
(Аға оқытушы Дидигова Мадина Магометовна).
8-747-891-90-27
(Аға оқытушы Шалқарбек Анель)
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.