Виртуалды қабылдау күні өтті

Бүгін, қазанның 8-жұлдызында кафедра меңгерушісінің виртуалды қабылдау күні өтті. «Баспа ісі» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс студенттерімен кездесуге факультет деканы, профессор Қ.Ө. Сақ, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, доцент Г.Ш. Әшірбекова және топ кураторы доцент М.Б. Тоқтағазин мен студенттер қатысты.

Виртуалды қабылдау күнінде жатақхана мәселесі, оқу процесі, үлгерім сапасына байланысты бірнеше мәселелер талқыланды. Кафедра меңгерушісі студенттер тарапынан жолданған сауалдарға жауап берді.

Оқу үдерісі мен білім алушылардың үлгерімі сынды қордаланған мәселелердің шешімін табуға бағытталған кафедра меңгерушісінің виртуалды қабылдау күні дәстүрлі түрде жалғасты болмақ.