Жатақханадағы кезекшілік

2023 жылдың 17 желтоқсан күні, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы және Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Алғалиева Гүлназым Сәкенқызы студенттер жатақханасында кезекшілік өткізді. Оқу орнының 7 жатақханада тұратын студенттер саны - 212. Олардың ішінде 62 студент демалыс күндеріне орай, өтінішіп жазып сұранып кетті. Кезекшілік кезіндегі жатақханадағы студент саны 150. Кезекшілік барысында кезекшілер студенттердің бөлемелерін аралап, тұрмыс-тіршіліктерімен танысты. Факультет деканы Қайрат Өмірбайұлы Сақ студенттерді 16 желтоқсан мерекесімен құттықтап, мереке туралы мағұлматтар берді, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс, тілектерін қабылдады. Студенттер жатақханадағы жағдайлары жақсы, ешқандай шағым, өтініш жоқ екендерін айтты. Кезекшілікте жатақханасында ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ.