ЖАЗҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТ БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ағымдағы жылдың 24 мамырында баспасөз және баспа ісі кафедрасына қарасты оқу топтары старосталарының, олардың кураторларының қатысуымен студенттердің жазғы өндірістік практикасы  бойынша бағыт сілтеу конференцисы болып өтті.

http://fjp.enu.kz/storage/MAKPAL/ILjiw2KLW9aEs9Hf3b1joEd8c8ZreuQCVLXODTrH.jpeg

Конференцияны кафедрадағы практика мәселесін үйлестіруші, профессор Мұратбек Тоқтағазин жүргізіп отырды. Онлайн конференцияда өндірістік тәжірибе бойынша қызу талқылау болып, студенттердің сұрақтарына жан-жақты, нақты жауаптар қайтарылды. Старосталарға өз топтарына конференцияда айтылған ақпаратты топтарындағы студенттерге жеткізуі тапсырылды.

http://fjp.enu.kz/storage/MAKPAL/T23NU2ctqes2WQquTfA09FUbDiAYIPLKu0Y2aEzU.jpeg

Қонференция жұмысына профессорлар С.Е.Тапанова, М.Б.Шындалиева, аға оқытушы М.Ш.Ештанаева және басқалар қатысып, өз ойларымен бөлісті.