Журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне арналған шеберлік сыныбы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің 10 жылдығы және "Хабар" агенттігінің 25 жылдығына орай "Хабар" өкілдері ЕҰУ студенттеріне шеберлік сыныбын өткізеді. Аталмыш шара аясындағы онлайн-жүздесу ZOOM платформасында сәуірдің 20-шы жұлдызы сағат 12:00-де басталып, сәуірдің 29-на дейін жалғасады.