«Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені» атты халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС-мен бірлесіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы аясында, Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған «Ғасыр радиосы және Ахмет Байтұрсынұлы феномені» атты халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция ұлттың үнжариясы Қазақ радиосының ғасырлық тарихын зерделеу, Радионың табиғаты мен оның қоғамдағы рөліне ғылыми баға беру мен келешек дамуының бағыт-бағдарын айқындау мақсатында ұйымдастырылды.

Халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Н.Омашев, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к, профессор Қ.Сақ, «Шалқар» радиосының  директоры, философ. ғ.к. Б.Төлепберген, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент А.Дуйшекеева (Қырғызстан), Кастамону университеті Өнер жане ғылым факультеті Қазіргі түрік диалектілері мен әдебиеттері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор С.Орхан (Түркия), Памуккале университетінің профессоры, PhD докторы Н.Бирай (Түркия), Халықаралық радиожурналистиканы зерттеуші ғалым, ф.ғ.к., профессор Р.Нуриден, Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жабыл атындағы Қазақ әдебиеті  мен фольклорын зерттеу  орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Ө.Әбдиманұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. К.Қабылғазина, Қазан Федералды университетінің Журналистика және медиа коммуникация жоғары мектебі ұлттық және ғаламдық медиа кафедрасының профессоры, т.ғ.к. М.Айтуганова (Ресей, Татарстан), Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Журналистика факультеті деканының орынбасары, профессор Г.Алдашова (Қырғызстан), Қарағанды медицина университеті Тілдік дайындық кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Ш.Жалмаханов, Қазақ ұлттық  аграрлық  зерттеу университетінің профессоры, Қазақстан  педагогика ғылымдарының академигі С.Досалы, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры,  әлихантанушы ғалым, ф.ғ.к. С.Жүсіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті Қазақ тіл білімі  кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. А. Салқынбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті Қазақ тіл білімі  кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. О.Жұбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ж.Әбдіжәділқызы т.б. елге белгілі ғалымдар мен сала мамандары қатысты.