«Автордың мәтін жазудағы міндеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті

Қараша айының соңында «Журналистика» мамандығының 2-курс магистранты – Нурие Жунусова «Редакциялау» пәні бойынша Бі-21 тобына «Автордың мәтін жазудағы міндеттері» тақырыбында ашық дәріс сабағын жүргізді. Педагогикалық іс-тәжірибе аясында  өткен сабақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент Болатова Гүлжауһар Жамбылқызының жетекшілігімен жоғары деңгейде өтті.  Ашық сабаққа баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тапанова Сәуле Есембекқызы қатысты.

Дәріс барысында автордың баспада, газет-журналда және телерадиода мәтін жазудағы айырмашылықтары мен артықшылықтары егжей-тегжейлі талданды. Сабақта «презентация», «сұрақ-жауап», «сыни ойлау» секілді педагогикалық технологиялар пайдаланылды. Одан әрі студенттер медиамәтін жазудың қыр-сырын меңгеріп, «колумнист», «интегративтілік», «интермәтін» терминдерімен танысты.

Ашық сабақ жоспарлы түрде алға қойған мақсатына жетіп, тақырып толық ашылды. Дәріс соңында қорытынды жасалып, білім алушыларға практикалық сабақ тапсырмалары берілді.