«Қазақ спорты» газетінің 60 жылдық мерейтойына орай «Қазақ спорт журналистикасы: бүгін, кеше, ертең» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақ спорты» газетінің 60 жылдық мерейтойына орай «Қазақ спорт журналистикасы: бүгін, кеше, ертең» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Спорт дирекциясының директоры Е.Қанағатов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің жауапты қызметкерлері, «Qazsport» телеарнасының директоры П.Цыбулин, белгілі спорт журналистері Қ.Рысбек, Б.Қайратұлы, Н.Сасаев, Д.Ысқақ, Н.Сұлтанбек, Е.Төрениязов, Әлеуметтік ғылымдар факультеті Денешынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Д.Тоқтарбаев және Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қ.Сақ және осы факультет Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі И.Рыстина қатысты.

Конференция жұмысы барысында мынандай өзекті мәселелер талқыланды:

•  Телерадиодағы спорт тақырыбы: проблемалар мен оны шешу мүмкіндіктері

•  Қазіргі қазақ спорт журналистикасының даму тенденциясы

•  Интернеттегі спорт тақырыбының жазылу ерекшеліктері

•  Аумақтағы спорт журналистикасының жай-күйі

•  Спорт саласын насихаттаудағы мемлекеттің рөлі

•  PR және қазіргі қазақ спорт журналистикасы 

•  Ұлттық спортты БАҚ-та насихаттау жолдары

•  Жалпы журналистика мәселері жөнінде.

Аталған іс-шара соңында болашақ спорт журналистерін даярлау жөнінде сөз болды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру ісі комитеті, «Qazsport» телеарнасы және спорт федерациялары спорт журналистерін бірлесіп даярлауды мақсат етіп отырған Журналистика және саясаттану факультеті және  Әлеуметтік ғылымдар факультетінің Денешынықтыру және спорт кафедарасымен келісімшартқа қол қою жөнінде шешім қабылданды.