Қазақтан шыққан тұңғыш блогермен онлайн-кездесу өтті

30 сәуірде Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының БІ-21 тобы студенттері топ кураторы Мақпал Ештанаеваның жетекшілігімен қазақтан шыққан тұңғыш блогер Асхат Еркімбаймен онлайн-кездесу ұйымдастырды.

Белгілі медиатренер, зерттеуші журналист әрі ұстаз Асхат Еркімбаймен өткен кездесуге факультеттің профессор-оқытушылары мен студенттер қатысты.

Аталмыш шара барысында медиа тұтыну және медиасауат бойынша зерттеу нәтижелері, жаңалықтың сапасын анықтау жолдары, дәстүрлі медиа мен жаңа медианың сабақтастығы, журналист пен блогердің ерекшелігі мен атқаратын функциялары түсіндірілді.

Сондай-ақ медиатренер, блогер Асхат Еркімбай қатысушалыр тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

Шара соңында аға оқытушы Мақпал Шайхымұратқызы блогер Асхат Еркімбайға бөліскен тәжірибесі мен келелі кеңестері үшін қатысушалар атынан зор алғысын білдірді.