«МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ДИАЛОГ: ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ТӘЖІРИБЕ» біліктілікті арттыру курсын өткізеді

Сәуір айының 26-30 жұлдызы аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, «МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ДИАЛОГ: ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ТӘЖІРИБЕ» біліктілікті арттыру курсы бойынша онлайн-семинар өткізеді.

4 модуль бойынша өткізілетін семинарға ҚР Президентінің кеңесшісі, с.ғ.к., қоғам қайраткері Е.Т. Қарин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы Е.Есбергенов, «Ашық позиция» қоғамдық қорының президенті, адам құқығы жөніндегі сарапшы Д.Кабак, Нұр-Сұлтан қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің маманы И.Г. Бекишева, «Құқықтық Медиа орталығы» қоғамдық қорының заңгері Г.Біржанова, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚМДБ-ның «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы М.Искандер және БАҚ өкілдері қатысады.

Семинар барысында Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қ.Ө. Сақ модераторлық ететін 1-модульде (26 сәуір) «Конфессияаралық диалог – тұрақты даму кепілі» атты тақырып талқыланса, 2-модульде (27 сәуір) «Конфессияаралық мәселелерді заңнамалық тұрғыдан реттеу» мәселесі қарастырылады.

Семинардың 3-модулінде (28-сәуір) Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент С.М. Дүйсенғазының модераторлығымен «Діни журналистика: зерттеу әдістері және контент-талдау» тақырыбында ой бөліссе, 4-модулі (29 сәуір) «Әлемдік өркениеттер тоғысындағы діни толеранттылық, ортақ құндылықтар» атты тақырыпта Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, доцент Г.Ш. Әшірбекованың модераторлық етуімен семинар жалғасын табады.

Ал 5-модулде (30 сәуір) қарастырылатын «Ұлттық қауіпсіздік мәселелері: «Жусан» операциясы» атты тақырыппен факультет деканы, модератор Қ.Ө. Сақ семинарды қорытындылайды.

Курс бойынша пікір алмасып, сауалнамаға жауап беріп, тапсырмаларды орындап және қорғаудың нәтижесінде қатысушыларға сертификат тапсырылады.