Өндірістік тәжірибе есеб

Журналистика және саясаттану факультетінің студенттері  биыл да өндірістік тәжірибені өту барысында үлкен жетістіктерге жетті. “Қоғаммен байланыс” мамандығының 4-курс студенттері Әлімхан Ажар мен Аминұлақызы Пакизаны ерекше атап болады. Олар өндірістік тәжірибеден өтуге “ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ” мекемесіне жіберілген болатын. Қаңтардың үшінші жұлдызынан ақпан айының он төртіне дейін созылған тәжірибеден өту кезеңі студенттеріміз үшін де аталған мекеме үшін де жеңісті болды. Атап айтсақ, Әлімхан Ажар Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ веб-сайтының дизайнын, визуалын жаңартса, сонымен қатар, кезекті жаңа логотипінің авторы атанды. Кәсіпорын белгісін жасап бергені үшін Әлімхан Ажарға және Кәсіптік өндірістік тәжірибеде белсенділік танытқаны үшін Аминұлықызына бас директоры Ш.К. Абикенова алғыс хат табыстады.

Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз