"Қоғаммен байланыс" мамандығының түлектеріне арналған бос орын жәрмеңкесі өтті

14 сәуір күні Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы "Қоғаммен байланыс" мамандығының бітіруші студент-магистранттарына арналған бос орын жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жиналысқа магистранттар, студенттер, Телерадио және қоғамен байланыс кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, карьера және бизнес әріптестік бөлімінің бас маманы Туспекова Замзагүл Жораевна және жұмыс беруші тараптан "Atameken Business" арнасының өкілі Рустам Байдаулет, "Нұр Отан"  партиясы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Таңшолпан Жауынбай, журналистер қатысты. Шара мақсаты - келешек мамандарды еңбек нарығындағы жағдаймен таныстырып, олардың жұмысқа орналасуына жағдай жасау.