Қолжетімді «COMIRNATY» (Pfizer – BioNTech, АҚШ) екпесі

18.11.21 ж күні факультет студенттерінің қатысу ыңғайына қарай екпе алмағандар мен 18 жасқа толмаған факультет  студенттері үшін Абдугалимов клиникасы  факультет басшылығымен бірлесе отырып, Zoom платформасында арнайы  түсіндіру жұмысын жүргізді. 2 рет өткен түсіндіру шарасына екпе алмаған білім алушылармен қатар, Әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының студенттермен жұмыс жөніндегі  орынбасары Айқынбаева Гүлден Қанатқызы, сондай-ақ  сабақтан бос кураторлар да қатысты.

Кездесу барысында Абдугалимов клиникасының дәрігері Есмағамбетова Алина Серікқызы «COMIRNATY» (Pfizer – BioNTech, АҚШ) екпесі жайлы толыққанды ақпарат берді. Мұхит асып, елімізге енді жеткен аталған екпеге қатысты қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берген соң, дәрігер «COMIRNATY» (Pfizer – BioNTech, АҚШ) екпе жадынамасы мен  екпе салдыру үшін келісім парағы және жасы 18-ге толмаған білім алушылардың ата-аналарына арналған Ковид-19 екпесін салдыруға байланысты  сауалнамамен таныстырды. Осы құжаттардың электронды нұсқасын факультет деканының студенттермен жұмыс жөніндегі  орынбасары   Гүлжауһар Жамбылқызы арқылы ала алатындығын хабарлап  жеткізді. Шара соңында тыңдарман қауым атынан Журналистика және саясаттану факультетi деканының студенттермен жұмыс жөніндегі  орынбасары Г.Ж. Болатова  Абдугалимов клиникасының дәрігері Есмағамбетова Алинаға екпеге қатысты толымды ақпараты үшін ризашылығын білдірді.

 

Осылайша, «COMIRNATY» (Pfizer – BioNTech, АҚШ) екпесі біздің оқу ордамыздың студенттері үшін де қолжетімді екендігіне көзіміз жетті.