«Продакшн тележурналистің түсірілім барысындағы оператормен қарым қатынасы» атты тақырыпта ашық сабақ өтті

30 қазанда (14.10 - 15.00 сағат аралығы) Қоғаммен байланыс мамандығының 2-курс магистранты Рысханқызы Мөлдір  «Телерадиорепортер шеберлігі» пәні бойынша БІ-41 тобына «Продакшн Тележурналистің түсірілім барысындағы оператормен қарым қатынасы» атты тақырыпта ашық дәріс сабағын өткізді. 

Ашық сабаққа университеттің оқу-әдістемелік бөлімінен Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Қошанова Күлнәш Әжібекқызы қатысты.

Дәріс барысында студенттерге түсірілім кезінде репортер қандай міндеттер атқарады,  түсірілім кезінде репортердің мінез -құлқының жалпы ережелері, Репортер мен оператордың өзара әрекеттесуінің жалпы ережелері, егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Магистрант Рысханқызы Мөлдір алдыңғы дәрістерге шолу жасап, студенттерге сауал тастау арқылы олардың сабаққа деген белсенділігін арттырып, аудиториямен тұрақты байланыс жасап отырды.

Ашық сабақ жоспарлы түрде алға қойған мақсатына жетті. Дәріс барысында тақырып толық ашылды. Дәріскер Рысханқызы Мөлдір аудиторияны толық игере алды. Дәріс соңында қорытынды жасалып, практикалық сабақ пен СӨЖ-де орындайтын тапсырмалары (слайд түрінде) берілді.

Ашық дәріс сабағы ЖОО-ның талабына сай ұйымдастырылып өткізіліп, кесте бойынша орындалды. Жоспарланған дәріс материалдары берілген  уақытқа толық сыйды. Бұл магистрант Рысханқызы Мөлдірдің  сабақ беру шеберлігі мен сабаққа өте жауапкершілікпен дұрыс, жан-жақты дайындалғанын көрсете алды.