Ресейдің тұңғыш президенті Б.М. Ельцин атындағы Урал федералдық университеті Урал гуманитарлық институтының басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Ишанова Асима Калимовнаны УрФУ Урал гуманитарлық институтының алтыншы халықаралық жастар конвенциясы аясында «Цифрландыру дәуіріндегі баспа ісі» халықаралық конференциясының ұйымдастыру комитетінің жұмысына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Біз де әріптесіміздің халықаралық жетістігінің еселене беруіне тілекшіміз!