Әріптестеріміз медальмен марапатталды

Журналистика және саясаттану факультетінің профессоры Роза Нұртазина мен ф.ғ.к., доцент Гүлжауһар Болатова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қалыптасып дамуына айрықша үлес қосқаны үшін «Еуразия университетіне 25 жыл» медалімен марапатталды.

Әріптестерімізді мерейлі жетістіктерімен құттықтап, ғылымдарына даму, отбасыларына амандық тілейміз!