«САЯСИ ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША «САЯСИ САНА» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Педагогикалық практика аясында 28 қыркүйек күні «Саясаттану және конфликтология» мамандығының 2-курс докторанты Байшань Гулицзыи кафедрамыздың төртінші курс студенттеріне «Саяси психология» пәні бойынша «Саяси сана» тақырыбында Microsoft Teams платформасында ашық сабақ өткізді. Дәріс барысында лектор Саяси сананың мәні, түрлері, деңгейлері, олардың сипаттамалары және К.Г. Юнг теориясы ұжымдық бейсаналық жөнінде егжей-тегжелі баяндама жасады. Сонымен қатар студенттермен Қазақстандықтардың саяси санасы тақырыбында талқылау жүргізілді.

Ашық сабаққа студенттермен қатар, докторанттар және оқытушылар қатысты. Пән оқытушысы Дюсембекова М.К. тарапынан Байшань Гулицзыидің өткізген ашық сабағы жоғары бағаланып, жақсы пікірлер айтылды.