Ұшам деген қанатқа дүние кең...

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен  білім алушыларға арналған   «Ғылым және Білім-2020»  XV Халықаралық ғылыми  конференциясының «Қоғаммен байланыс» секциясы өз жұмысын онлайн Zoom платформасында сәтті өткізді. Конференцияға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Дүйсенғазы бастаған ф.ғ.д., профессор С.Тахан, ф.ғ.к., доцент О.Тұржан, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ұ.Есенбекова, ф.ғ.к., доцент Б.Иманғалиев, PhD, доцент Э.Ибраева, аға оқытушылар Г.Алғалиева, А.Пернебекова, т.б. білікті профессор-оқытушылары да қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Ғылыми конференцияға қатысушы докторанттар мен магистранттар, жоғарғы курс бакалаврлары жасаған баяндамаларын сәтті қорғады.  Ғылыми жұмыстардың тақырыптары да  мазмұндылығымен назар аудартты. Мәселен, «Қоғаммен байланыс» мамандығының магистранты Жасұлан Аязбаевтың «COVID-19 пандемиясының  дағдарыс PR-дағы  көрінісі» тақырыбындағы баяндамасы   конференцияға қатысушыларды бей-жай қалдырмады. Себебі, бұл тақырып қазіргі уақытты өзекті  мәселе болып отырғаны бәрімізге аян. Жетекшісі ф.ғ.к., доцент Оңайгүл Тұржан. Сондай-ақ, ф.ғ.к.доцент Бауыржан Иманғалиев келесі оқу жылында кафедрада «Жас ғалымдар» клубын құруды ұсынып, ұжым тарапынан қолдауға ие болды. Қазіргі кезде ізденуші жастарға университетіміз бен факультетіміз үлкен мүмкіндік жасап отыр. «Ұшам деген қанатқа дүние кең» екенін білім алушыларымыз жақсы біледі деген сенімдеміз.

Ғылым және Білім -2020