"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының доценті, белгілі журналист Әуесбайдың Қанаты «Тұрар Рысқұлов ауданына 80 жыл» мерекелік медальмен марапатталды

Журналистика және саясаттану факультетінің  доценті, белгілі журналист Әуесбайдың Қанаты «Тұрар Рысқұлов ауданына 80 жыл» мерекелік медальмен марапатталды. Тұрар Рысқұлов  Жамбыл облысындағы аудан. Жуырда ауданның 80 жылдығына арналған бірқатар тағылымды ісшара өтті. Ісшара басы Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Одан кейін, ауданға қызмет еткен қайраткерлердің тізімі жазылған бюстілердің тұсаукесері, аудан тарихынан сыр шерткен ғылыми конференция, бәйге мен мерекелік концерт өтті.
- «Бұл мен үшін зор мәртебе. Түлегі тұлғаға айналатын Тұрар ауданы тарихи, құт мекен. Бес олимпиада чемпиоандарын тәрбиелеген аудан Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков, Ақжүрек Таңатаров, Елдос Сметов сынды саңлақ спортшыларымен танымал. Чемпионның бесіншісі Абсент есімді жылқы. Осы ауданнан көптеген ғалымдар, ақын-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткерлері шыққан. Солардың арасында мәселен, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Диана Мадиярова сынды ғалым да осы аудан тумасы. Олар аудан ғана емес, тұтас еліміздің мақтан тұтар майталмандары. Еліміздің жақсы аты шартарапты шарлай берсін», деді Әуесбайдың Қанаты ағынан жарыла.