"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының докторанты Қуат Әуесбай латын графикасындағы тұңғыш басылым «Тіл-қазына» газетінің редакторы болып тағайындалды

Басылымды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп шығарған. Бас редакторы журналист, ҚР ақпарат саласының үздігі, "Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының докторанты - Қуат Әуесбай.
«Тіл-Қазына» газеті латын негізді қазақ әліпбиін нәсихаттап, жаңа қазақ емлесінің ережелерін түсіндіруге бағытталған. Онда «Әліпби», «Рухани жаңғыру», «Кие», «Ғалам», «Емле», «Сарап» және «Таным» айдарлары арқылы жаңа әліпби туралы ақпарат, танымдық материалдар жарық көреді.
Газет А3 форматында 8 беттен құралған. Бастапқыда айына екі рет 3 мың тиражбен шығару жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайтында газеттің электронды нұсқасы жарияланып, онлайн әзірленеді.