"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының магистранты өткізген педагогикалық практикасының кураторлық сабағы

2018 жылы 29 қазан күні журналистика және саясаттану факультеті магистратура 2 курс магистранты Ардақ Мүтәрбек педагогикалық практикасының кураторлық сабағы бойынша журналистика және саясаттану факультетінің бакалавр ҚЖ-41 тобындағы студенттермен «елбасы жолдауына» байланысты, соның ішінде жастар жолдауын студенттерге жеткізіп, олардың ойымен ортақтасты. 4 курс студенттері бұл тақырыпқа қызу ат салысты.