"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының оқытушысы, белгілі спорт журналисі Нұрғазы Сасаевпен кездесу ұйымдастырды

Сенбі күні "Телерадиодағы журналист шолушы" пәні бойынша ҚЖ-31, 33 тобында белгілі спорт журналисі, спорт шолушысы, Қазақстан спорт журналистері қауымдастығының жауапты хатшысы, "Астана" футбол клубы баспасөз хатшылығының қызметкері Нұрғазы Сасаев шеберлік сыныбын өткізді.

Үш сағатқа созылған кездесу соңында Н. Самаев студенттердің сұрақтарына жауап берді. Айта кету керек, тәжірибелі мамандардың болашақ журналистермен жүздесіп, шеберлік сырларымен бөлісуі "Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасында дәстүрге айналған.