"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының студенттері «Хабар» арнасы жаңалықтар қызметінің жүргізушісі Сағыныш Әбікеймен кездесті

Шеберлік сабағында Сағыныш xаным журналистика саласындағы тәжірибесімен бөлісе отырып, тележүргізушінің жұмысы оңай жұмыс емес екенін, тікелей эфирге үлкен дайындықтың, білімнің керек екенін атап өтті. Бір ұжымның күні бойы жинап келген жаңалығын халыққа жеткізуші адам жүргізуші болғандықтан ол халықтың алдында да, ұжымның алдында да үлкен жауапкершілікті арқалап тұрады. Сондықтан да әрбір ақпаратты дұрыс, анық жеткізе алу керек. Сөйлемді, сөзді, қала берді әріпті дұрыс айтуды үйрену керек. Қазіргі қоғамда «Ң», «Қ» секілді қазақ тілінің дыбыстарын анық айта алмайтын азаматтар көбейіп келеді. Ондай адам жаңалық жүргізе алмайды. Бірақ бұл деффектіні түзетуге болады. Ол үшін арнайы жаттығулар жасау керек. Жалпы жүргізушілерге арналған жаттығулар бар.  Оларды күнделікті жасау керек, сонда ғана нәтижесі болады. Мәселен тілді, ерінді, өкпені жаттықтыру дейді Сағыныш Әбікей. 

Бүгін студенттер үшін пайдалы кездесу болды. Тікелей эфирді жүргізудегі шеберлікті айқын көрдік десем артық болмас. Дауыс қою, екпін мен демге, тіл менен ерінге көрсеткен арнайы жаттығулары келешекте септігін тигізетініне кәміл сенеміз.

Орайы келгенде айта кетейін, Сағыныш Әбікей ЕҰУ, журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Өзінің білім алған ордасына келіп, студенттік шағындағы қызыққа толы кезеңдерін де еске алды. 

Дина Рысқалиева

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының 2 курс студенті