«Бір белдеу, бір жол бастамасы: Орталық Азия және Қазақстан» тақырыбында баяндама жасады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасының докторанты Қ.Майгельдинов 2018 жылдың 13 қазанында  Фудан университетінде (Шанхай қ., Қытай) өткен «Бір белдеу, бір жол бастамасы және жаһандық басқару мәселелері: жаңа тәжірибелер, жаңа идеялар» атты екінші халықаралық форумына қатысты. Пленарлық мәжілісте ол «Бір белдеу, бір жол бастамасы: Орталық Азия және Қазақстан» тақырыбында баяндама жасады.

Докторант іс-шара барысында «Бір белдеу, бір жол» бастамасының даму мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Нұрлы Жол» мемлекеттік даму бағдарламасы мен Қытай Халық Республикасының бастамасы аясында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқылауға белсене қатысты.