2018 жылдың наурыз айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Хабаршысының қосымшасы ретінде «Журналистика сериясы» журналын шығаруға Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің №16995-Ж куәлігін алған болатынбыз. Соның негізінде жылына төрт саны жарық көретін ЕҰУ Хабаршысының «Журналистика» сериясы бойынша екі нөмірі шығып үлгергенін қуана хабарлаймыз!

Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ редакторлық ететін аталмыш журналды мазмұнды, жоғары сұранысқа сай етіп, сапалы шығару және ғылыми ортада танымалдығын арттыру мақсатында қазақстандық, таяу және шалғай шетелдердің сала мамандарына есімдері белгілі, атақты ғалымдардан тұратын салиқалы редакциялық алқа құрылды. Мәселен, АҚШ, Франция, Малайзия, Түркия, Ресей, Украина, Қырғызстан сынды бірнеше мемлекеттер мен еліміздің әр аймақтарындағы әріптестеріміз журналымызға белсене атсалысуда.

Сізді де журналистика, соның ішінде жаңа медиа, коммуникация, сонымен бірге қоғаммен байланыс, баспа ісі мәселелері: тарихы, теориясы, тәжірибесі бойынша соны ғылыми-зерттеу нәтижелерімізбен алмасу үшін ғылыми әріптестікке шақырамыз!

ҚР БжҒМ ЖАК (ВАК) тізіміне енген журналымызбен танысып, журналға мақала ұсынғыңыз келсе, оның арнайы талаптары 3 тілде http://buljourn.enu.kz сайтында жарияланғанын естеріңізге саламыз!

Әріптестік байланысымыз бұдан былай да нығая түсетініне сенім білдіреміз!