Фаультетіміздің профессоры Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапатына ие болды

Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 5 834 000 теңге (2000 АЕК) көлемінде грант жеңіп алды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» мәлім етті.

Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі алғаш рет ақпараттық жүйенің көмегімен онлайн форматта өткізілді. Байқауға қатысушылардың қызметі оқыту сапасы мен ғылыми-зерттеу жетістіктері бойынша бағаланды. Байқау нәтижелері министрліктің сайтына орналастырылды.

Министр білім және ғылым жүйесі үшін мұндай байқаулардың ашық түрде өтуі маңызды екендігін ерекше атап өтті.

«Пандемия кезінде еліміздің жоғары білім беру жүйесі маңызды сынақтан өтіп, жоо-лардың жұмысы жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Осы ретте сын-қатерлерді мүмкіндік ретінде қабылдауға тиіспіз. Қандай да бір қиындықтар мен қолайсыздықтарға қарамастан, қазақстандық оқытушылар бұл жағдайға тез бейімделді. Бүгінгі таңда біздің алдымызда оқытушының беделін арттыру, еңбек жүктемесін азайту, еңбекақыны көбейту, оқытушыларды өзіне тән емес функцияларға тартуға жол бермеу бойынша және еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басқа да бірқатар маңызды міндет тұр. Мен байқау жеңімпаздарын бұл марапатпен шын жүректен құттықтаймын және әрқайсысына мықты денсаулық, толағай табыс пен отбасы амандығын тілеймін», деді Асхат Аймағамбетов.

Басылым мәліметінше, конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысқан.

Қазақстанның үздік оқытушыларының қатарында белгілі тележурналист, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы да бар.

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұ.М. Есенбекованың үздік оқытушы атануы ғалымның қазақ телевизиясы мен журналистикасын дамытуға қосқан еңбегінің әділетті бағасы деп санаймыз.