Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы дипломдық жұмысты алдын-ала қорғау рәсімін қашықтықта сәтті өткізді

7 сәуір күні сағат 14:00-де «5В051400 – Қоғаммен байланыс» (қазақ бөлімі) мамандығын бітіруші студенттері Асылбаева Әйгерім Сайлауқызы, Бисенова Акмарал Арыстановна, Ережепова Нургуль Саяновна, Жанболат Ажар Әсетқызы, Жусупбекова Томирис Торебековна (Жүсіпбек Таміріс Төребекқызы), Кабжапарова Шырын Калбиаткызы, Алпысова (Қаиптай) Айтолқын Рустембекқызы, Мұратбек Ұлпан Серікқызы, Нұрбекова Құралай Шоханқызы, Сержанова Саида Сержанқызы, Даниярова, (Сулейменова) Айдана Бокенбаевна, Тілембай Назым Кундакбайқызы дипломдық жұмысты алдын-ала қорғау рәсіміне қатысып, осы уақытқа дейін жасаған жұмыстары бойынша есеп берді. Алдын-ала қорғау әдеттегідей кафедраның ашық отырысында емес, карантин жағдайында қашықтықта оқыту технологиясы аясында мобильді Zoom қосымшасын қолдану арқылы өтті. Бейнеконференция барысында кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Серікзат Дүйсенғазы, және диплом жетекшілері ф.ғ.к., доцент Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы, ф.ғ.к., доцент Имангалиев Бауыржан Сабитұлы, ф.ғ.к., доцент Аманжолова Рабиға Кәрімқызы, с.ғ.к., доцент Турабекова Бахытгуль Бектурсыновна, аға оқытушы Қошанова Күлнаш Әжібекқызы сөз сөйлеп, тиісті ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, аталмыш шараға ғылыми кеңесшілер де қатысты. Білім алушылардың басым бөлігі дипломдық жұмыстарының 80-90%-ға дайын екендігін алға тартты. Бұны жетекшілері мақұлдап, пікірлерін кафедра меңгерушісіне ұсынды.