«Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының магистранты «Ұлы даланың жеті қыры» атты кураторлық сабақ өткізді

22 қараша күні «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының «6M051400 – Қоғаммен байланыс» мамандығының ІІ курс магистранты Ибатолла Гауһар, Мемлекет басшысының мақаласы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» атты тақырыпта арнайы кураторлық сабақ өткізді.

Кураторлық сабақ «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының доценті, Филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржанның жетекшілігімен «Қоғаммен байланыс» мамандығының бакалавриятында оқитын ІV курс студенттері үшін «PR және медиажоспарлау» пәнінің негізінде өтті. 

Магистрант Ибатолла Гауһар Мемлекет басшысының мақаладағы Ұлы даланың жеті қырына жеке-жеке тоқталып, оның маңыздылығы мен ел үшін тиімді тұстарын түсіндіріп өтті. Осы орайда бакалавр студенттері мақала бойынша өз ойларын жеткізіп, мемлекеттік маңызы бар тарихи жайттарға тереңірек тоқталып, топтық талқылау жұмыстарын жүргізді. Болашақ пиаршылар өз кезегінде тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Сабақ соңында ғылыми жетекшісі Оңайгүл Ізтұрғанқызы магистранттың өткізген кураторлық сабағын жоғары бағалады.