"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының магистранты өткізген "Тайм-менеджмент" атты кураторлық сабағы

2018 жылы 22 қараша күні Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2-курс магистранты Мадиярбеков Саламат, ҚБ-33 тобының студенттерімен «Тайм-менеджмент» тақырыбында куратолық сабақ өткізді.

Кураторлық сабақтың мақсаты – студенттерге берілген уақыттың әр минутын бағалап, өз уақыттарының және қызметтерін басқарудың бірыңғай жүйесін ойластыруға ынта беру. Сабақтың мақсаты жүзеге асты.