Бүгін 10 сәуір күні сағат 15:00-де Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің «6М051400 – Қоғаммен байланыс» (қазақ/орыс бөлімі) мамандығын бітіруші магистранттары Сұлтанбек Назерке, Аязбаев Жасұлан, Зарлыққызы Алтынай, Алькеева Алтын, Бабажанова Дина Маратовна, Асель Аяганова, Александр Данилов, Какимжанова Мадина Балтабаевна, Узакбаев Даурен Досжанович, Токенова Диана Бакытбеккызы, Анель Пшенова, Сапарбаева Жания магистерлік диссертацияларын алдын-ала қорғады. Аталған рәсімге ғылыми жетекшілері Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы, Тахан Серік Шешенбайұлы, Рыстина Индира Садыбековна, Имангалиев Бауыржан Сәбитұлы мен комиссия мүшелері: «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының доценті Дүйсенғазы Серікзат, к.ф.н., «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржан, с. ғ. к., «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының доценті Тұрабекова Бақытгүл Бектұрсынқызы, МАК техникалық хатшысы, «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының аға оқытушысы Шалкарбек Анель қатысты. Болашақ магистрлер кәсіби ғылыми жұмыстарының 90-95 пайызға дайын екенігін көрсетіп, жетекшілері мен комиссия мүшелерінің ұсыныстарын алды. Жиын карантин жағдайындағы қашықтықта оқыту технологиясы аясында мобильді Zoom қосымшасын қолдану арқылы өтті.