21 ақпан күні Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржан «Қоғаммен байланыс саласындағы инновациялық трендтер және олардың ықпалдылығы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарда қазіргі таңдағы PR-технологиялар және оқулық, оқу құралдарын даярлаудың жаңа әдістері мен формалары, оқулықтың мазмұны, тартымды болуы туралы талдау жасалды. Семинарға қатысқан кафедра оқытушы-ғалымдары мен магистранттары, студенттері өздерін толғантып жүрген осы мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, өз ойларын да ортаға салды.