«Полиграфиялық басу әдістері» атты тақырыпта ашық сабақ өтті

13 қазанда (17.10 - 18.00 сағат аралығы) Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Ертасова Гүлжазира «Баспа басқармасы» пәні бойынша БІ-41 тобына «Полиграфиялық басу әдістері» атты тақырыпта ашық дәріс сабағын өткізді.

Сабаққа университеттің оқу-әдістемелік бөлімінен Р.Б. Сексенбаева, факультет деканы, профессор Қ.Ө. Сақ, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, доцент Г.Ш. Әшірбекова, кафедраның ОӘЖ жауапты, профессор С.Е. Тапанова, факультеттің ОӘК төрайымы, аға оқытушы А.Пернебекова т.б. қатысты.

Дәріс барысында студенттерге кітап басу қалыбы мен оның элементтері, полиграфия саласында қолданылатын басу әдістері (шығыңқы басу әдісі, трафареттік басу әдісі, флексографиялық басу әдісі, Орлов басу әдісі т.б.) егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Оқытушы алдыңғы дәрістерге шолу жасап, студенттерге сауал тастау арқылы олардың сабаққа деген белсенділігін арттырып, аудиториямен тұрақты байланыс жасап отырды.

Ашық сабақ жоспарлы түрде алға қойған мақсатына жетті. Дәріс барысында тақырып толық ашылды. Дәріскер Гүлжазира Құдайбергенқызы аудиторияны толық игере алды.

 

Дәріс соңында қорытынды жасалып, практикалық сабақ пен СӨЖ-де орындайтын тапсырмалары (слайд түрінде) берілді.

Ашық дәріс сабағы ЖОО-ның талабына сай ұйымдастырылып өткізіліп, кесте бойынша орындалды. Жоспарланған дәріс материалдары берілген  уақытқа толық сыйды. Бұл аға оқытушы Г.Қ. Ертасованың сабақ беру шеберлігі мен сабаққа өте жауапкершілікпен дұрыс, жан-жақты дайындалғанын көрсете алды.