Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы студенттермен танымдық, шығармашылық кеш ұйымдастырды

"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының оқытушысы, мультфильм режиссері Сабыр Әбдіқадыр Біләліұлы, Еуразия Ұлттық Университетінің талантты жастарымен танымдық әрі шығармашылық кеш өткізді. Тақырыбы: Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры".

Сабыр Әбдіқадыр Біләліұлы Президент мақаласы бойынша қазақ тарихына мультфильм арқылы өз үлесін қосу туралы жоба жоспарыммен бөлісті. Қазақ ертегілерін қайта редакциялау, өңдеу туралы дәлелдерінің мәнін түсіндірді. Қазақы музыкасының ерекшеліктері мен таралымы туралы нақты ойларыммен бөлісті.