Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының студенті "Авторлық телерадиобағдарламалар дайындау" тақырыбына ерекше дайындалды

елерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының 4-курс студенті Кенжебек Сержанұлы "Авторлық телерадиобағдарламалар дайындау" тақырыбы бойынша тамаша дайындалғанын көрсетті. Студенттің авторлық телерадиобағдарламасы Алаш арысы Жалау Мыңбаевқа арналған.

Мемлекет қайраткері қазақ халқының мүддесіне қайшы келетін Кеңес өкіметінің солақай саясатын сынға алып, балама жол ұсынған С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақұлы, т.б. тобында болды. 1926 жылы 25 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің пленумында бұл топқа ұлтшылдар деп айып тағылып, қатал сынға ұшырады. Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы, белгілі мультфильм режиссері Сабыр Әбдіқадыр Біләліұлы студенттің дайындығын жоғары бағалады.