Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушылары Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі өтті. Ғылыми мәжіліске Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті Асқарбек Құсайынов қатысып, еліміздегі білім және ғылым саласындағы соңғы жаңалықпен бөлісіп, бұл бағыттағы өзінің ғалым ретіндегі ұстанымын білдірді. Іс-шарада Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ ғылыми Кеңеске арнайы қатысқан Қазақстан ПҒА президентіне алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. Өз кезегінде Асқарбек Қабыкенұлы 17 қарашада Алматыда өткен Академияның жыл сайынғы Жалпы жиналысында Академияның толық мүшесі және корреспондент-мүшелері сайланғаны туралы хабардар етіп, академик және корреспондент-мүшелердің құжаттарын табыстады.

Факультет деканы, профессор Кайрат Сак Қазақстан Педагогикалық Академиясының толық мүшесі-академигі болып сайланды. Ал, белгілі журналист-ғалымдар Бауыржан Имангалиев пен өздеріңіз экраннан көріп жүрген Әуесбайдың Қанаты екеуі Академияның корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Қайрат Өмірбайұлы елімізге танымал алаштанушы ғалым, профессор. 2011 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетін басқарып келеді. Алаш баспасөзіне қатысты бірнеше толымды еңбектің авторы.

Бауыржан Иманғалиев болса, халық ағарту комиссары Т.Жүргеневтің мұрасын зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, 20 жылға жуық педагогикалық тәжірибесі, Ғылыми атағы мен 4 кітап, 70-тен аса ғылыми еңбектер жазған.

Әуесбайдың Қанаты да осы факультетте көп жылдан бері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дәріс оқып келеді. ҚР Ақпарат саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты, белгілі журналист.