«Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті конференцияға қатысушылар және қонақтар!

 

     Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы  «Біз біргеміз!» акциясы аясында студент-жастардың «Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

      Бұл онлайн-жиынға Қазақстан мен басқа мемлекеттердің белді ғалымдары, студенттері, мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың қоғаммен байланыс (PR) саласында қызмет етіп жүрген кәсіби мамандары қатысады деп жоспарлануда.

Конференцияның:

-  өтетін уақыты: 25 сәуір 2020 ж сағ.11.00-13.00 (пленарлық), сағ.15.00-17.00 (секциялық)

-  өтетін мекен-жайы: Zoom платформасы

-  ғылыми-практикалық бағыттары:

1.  Дүние жүзіндегі қоғаммен байланыс (PR) саласын талдау, ақпарат алмасу;

2. Дағдарысқа қарсы PR және PR технологияның шығармашылық саладағы рөлі (өнер,әдебиет, спорт, музыка);

3.  ЖОО-да PR мамандарын дайындаудың заманауи әдістері.

Конференцияның жұмыс істеу формасы: пленарлық, секциялық

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Секция жұмыстарының бағыттары:

1. PR технологияның шығармашылық саладағы рөлі (өнер,әдебиет, спорт, музыка);

2.Дағдарыс PR-ның бүгінгі таңдағы өзектілігі.

Конференцияның қорытындысы бойынша электронды баспа жинағы шығарылады.

Түрлі мәселелер бойынша байланыс телефоны: 8 701-1063525. Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев, фил.ғыл.канд. доцент

Конференцияға мақала беру тегін. Қатысушының өтінім парағы және жазған материалдары  gulnazym69@mail.ru  немесе  baur.iman@mail.ru электронды мекен-жайына  2020 жылдың 23 сәуіріне дейін қабылданады. Конференцияда сөз сөйлеу үшін регламент - 5 минутке дейін беріледі. Жарыссөзге -  5 минут. 

 I.МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ:

     Жинаққа материалдар электронды күйінде жіберіледі: мақала А4 форматты, материал көлемі 3-тен 5 бетке дейін. Мәтін редакторы MS WORD, негізгі шрифт Times New Roman, кегль – 14, жоларалық интервал – 1,0, стиль – қалыпты, барлық жиектері – 2,0.

     Материалдың барлығы талапқа сай мұқият орындалуы тиіс. Рәсімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитеті белгілеген уақыттан кеш жіберілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

 

УДК                                 

Автордың аты-жөні,

ғылыми дәрежесі, атағы және жұмыс орны,

электрондық пошта

қала, елі

Секция

II.МАҚАЛА АТАУЫ (үлкен әріптермен)

1. Аннотация

2. Мақала мәтіні

(Мәтіндегі әдебиеттерге сілтеме осылай жазылады. [1, 23 б.])

3. Соңғы бөлім немесе қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Студенттер, магистранттар және докторанттар үшін ғылыми жетекшінің аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі көрсетілуі тиіс.

 

 

III.БАЯНДАМА ЖАСАУШЫНЫҢ ТОЛТЫРУ ПАРАҒЫ:

 

Аты-жөні (толығымен)

 

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе

-  Студент

-  Магистрант

-  Докторант

 

Оқу немесе жұмыс орны

 

Баяндама тақырыбы

 

Қатысатын секцияның атауы

 

Байланыс телефондары, электрондық пошта (e-mail)

 

 

 
010008, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Янушкевич көш., 6. №4 оқу ғимараты.Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы.

Телефон: 8 7011063525, 8-747-1805107 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ