Кәсіби дағдылар

“Цифрлық медианы басқару-41” (ЦММ-41) және “Қоғаммен байланыс -41” (ҚБ) тобының студенттері кәсіптік-өндірістік практика бойынша қорытынды есеп берді.

Барлығы дерлік дұрыс тәжірибе жинақтай алған. Бірі республикалық арнаның СММ маманы ретінде жұмысқа кірсе, бірі жұмысқа қабылдануға ұсыныс алған. Аз ғана уақыт болса да, өздерін жақсы жағынан көрсетіп марапат қағаздарымен, ұстаздарына алғыс айтумен оралды.

Тәжірибе барысындағы қызықтарымен бөлісті. Ұтымды тұстарымен қатар, қиындықтарын да жасырмады. Кәсіптік - өндірістік практиканың басты мақсаты студенттердің кәсіби тәжірибе жүзінде шыңдалуы, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау.

Біздің студенттер кәсіптік-өндірістік тәжірибені дұрыс пайдалана алды әрі сәтті аяқтады. Бұған “Телерадио және қоғаммен байланыс” кафедрасының оқытушылары куә. Олар комиссия мүшелері ретінде әр студенттің қаншалықты тиімді жұмыс істегені мен материалдарын тексерді. Күлнаш Қошанова, Ардақ Мүтербек, Айбарша Жақсылық студенттерге алда алған тәжірибені қолданып, сұранысқа ие маман болуға тілектестік бірдірді.