Саясаттану кафедрасында «Дипломдық жұмыс жазудың техникасы» атты кураторлық ашық сағат

Педагогикалық практика аясында 2020 жылғы 1 қазанда MS Teams платформасында кафедрамыздың 2–курс докторанттары  Т.Омарова, Н. Жаукеева, Е.Амантаев,  Б. Ахатаева, Е.Әбиев қазақ тобының 4-курс студенттеріне кураторлық ашық сағат өткізді. Жиын тақырыбы «Дипломдық жұмыс жазудың техникасы» деген атпен өтті. Ашық кураторлық сағатта докторанттар диплом жұмыс тақырыбын таңдау маңыздылығын, өзекті болу керектігіне тоқталды. Диплом жұмысына қойылатын талаптар, саясаттанудағы қолданбалы әдістерді қолдану, ресімдеу техникалары студенттерге егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар кураторлық сағат әлемнің екінші ұстазы Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына орай «Әл-Фараби - адамзат ақыл-ойының алыбы» атты имидждік іс-шараға ұласты. Ол түріктің мәдени-рухани байлығын, парсы, үнді, антика мәдениеттерінің үздік жемістерін синтездеу арқылы әлемдік ақыл-ойдың алыбына айналғандығы туралы студенттерге мақтанышпен жеткізілді. Әлі де Әл-Фараби мұрасы зерттеуді қажет ететін, оның идеялары мен қағидаттарын жаңа уақыт тұрғысынан қарастыру қажет деген қорытынды жасалды.