САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫНДА «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасы "ЕҰУ Студенттердің Ғылыми Қоғамымен" бірлесе отырып «Ғылым декадасы» аясында 2019 жылдың 5 сәуір күні өтетін ХХ ғасыр басындағы даңқты, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әрі премьер-министрі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми-публицистикалық мұрасын дәріптеу мақсатында жалпы орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарының (мектеп, лицей, гимназия) 10-11 сынып оқушылары арасында саясаттанудан мектеп оқушыларының дәстүрлі ІІІ Республикалық «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН» ғылыми олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

        Олимпиаданың сырттай кезеңіне республика бойынша жалпы саны 97 үміткердің өтініші мен жұмысы келіп түсті.

        Қорытынды кезеңге 12 оқушының жұмысы қабылданды.

 

Р/с

ТАӘ-ФИО

Аймақ-Регион

Сынып-Класс

Жетекші-Руководитель

Орын – Место

1

Абдикахорова Ақтоты

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы

10 сынып

Мейрамбеков Аслан Қуанышұлы

ІІІ орын

2

Айдос Алтынай Сержанызы

гимназия № 1 им. Алихана Бокейханова , город Тараз, Жамбылская область

11 класс

Жангабулова Салтанат Абилдаевна

сертификат

3

Амангельды Аружан

Астана қаласы, 70 мектеп-лицейі

10 сынып

Кудабаева Алима Советовна

сертификат

4

Берикбай Каламкас

г Тараз 45 гимназия имени Бауыржана Момышулы

10 б класс

-

сертификат

5

Берикбаева Сая

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

10 сынып

Калима Бопан

ІІ орын

6

Көлен Аружан Шакибайқызы

Алматы қаласы,  Алатау ауданы

№181 жалпы білім беретін мектеп

10 «А»

Айтберикова Гульмира

сертификат

7

Нұғман Нұрғали Мұратұлы

Алматы қаласы,  Алатау ауданы

№181 жалпы білім беретін мектеп

10-сынып

Байсбаева Галия Байтилеуқызы

ІІ орын

8

Оңалбек Эльмира Даниярқызы

Алматы қаласы,  Алатау ауданы

№181 жалпы білім беретін мектеп

10 «А»

Айтберикова Гульмира

сертификат

9

Тұрғын Нұржігіт Расылханұлы

Нұр-сұлтан қаласы, 72 мектеп

10-А

Ержан Қайсарұлы

І орын

10

Жұмабаев Әлихан

Нұр-сұлтан қаласы, 72 мектеп

10-А

Ержан Қайсарұлы

ІІІ орын

11

Серикхан Жанбота

Ақмола облысы, Талапкер орта мектебі

11

-

Гран При

12

Асилбек Жансая

Нұр-сұлтан қаласы, 18 мектеп

11

-

Гран При

Олимпиада аясында мектеп ұстаздарына арналған мастер-класс (семинар-тренинг) өткізілді және қатысушыларға білікті арттыру жөніндегі сертификаттар табысталды. Спикер: саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Қарғаш Дәлелхақызы Жанпейісова.