САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ «6M050200-САЯСАТТАНУ» БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІТІРУШІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2019 жылдың 11 сәуірінде кафедра меңгерушісі, профессор Е.Л. Нечаева, практика жетекшілері мен және магитранттардың қатысуымен қорытынды конференция өтті. Отырыс барысында «6M050200-саясаттану» білім бағдарламасының 2-курс магистранттары зерттеу орталықтарында, мемлекеттік ұйымдарда және басқа да өндірістік орындарда практика нәтижесінің есебін жеке-жеке қорғады.

 

Білім алушылар тәжірибе барысындағы жазған ғылыми мақалалары мен еңбектерінің басып шығарылған және көшірме үлгілерін ұсынды. Есептік конференция қорытындысы бойынша, ғылыми жетекшілер магистрантардың еңбектерін тексеріп, тиісті бағаларын қойды.