Саясаттанушылар тағы да марапатталды

Ағымдағы жылдың тоғызыншы сәуірінде Назарбаев орталығында  Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың 119 жылдығына арналған ғылыми шара өткізілді. Аталмыш шараға саясаттану кафедрасының екінші курс студенттері қатысқан болатын.

Жыл сайын сәуір айының 12 жұлдызында Қ.Сатпаевтің туған күніне орай «Ғылым және білім» атты ғылыми конференция өткізіледі. Конференция университетіміздің барлық мамандықтарының басын қосып, жас ғалымдардың жұмысын сараптайды. Әрбір студент белгіленген тәртіпке және регламентке сәйкес еңбегін  баяндауы тиіс. Сонымен қатар конференция мақала жазумен ғана шектелмейді, ғылыми инфраграфикалар құрастырумен де жарысқа түспек.

Осы жылдың «Ғылым және білім» ғылыми конференциясында саясаттанушылар да әдеттегідей өз білімдерін додаға түсіріп, сынап алды. Студенттердің жетістіктерімен таныстырмас бұрын, кафедрамыздың алтын мамандары, жан-жақты білімді саясаттану кафедрасының доценті м.а., Ph.D Копежанова Данагуль Едигеевна және Рыстина Индира Садыбековна университет ғылымын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Толығырақ айтсақ ғылыми мақалалар сайысы бойынша  саясаттану кафедрасының 3-курс студенттері Жұмамұратов Наурызбек пен Мұхамбетжанова Нұргүл III дәрежелі димпломмен марапатталды. Ғылыми инфраграфикалар сайысы бойынша саясаттану кафедрасының 2-курс студенті Сансызбаева Ақжарқын I дәрежелі, 4-курс студенттері Сатқанбаева Ұлдана және Сақтағанова Алина III дәрежелі димпломмен марапатталды.

Жыл сайын өткізілетін бұл шара саясаттанушылар үшін өте маңызды. Себебі кез-келген жас ғалым өз білімін шыңдап тұруы тиіс. Аталмыш шараның білімді ұлғайтып,өзге де жұмыстармен салыстыруға және жаңашылдық енгізуге зор үлесін тигізеді. Саясаттану кафедрасының атынан ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.

 

Автор: саясаттану кафедрасының  2-курс студенті Сансызбаева Ақжарқын Жалбырқызы.