Саясаттанушылар «Қоғамдық дипломатия мен халықаралық қатынастардың Еуразия мектебіне» қатысты

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының 1-курс докторанты Искакова Жұлдызай және 1-курс магистранттары Кусанова Акерке мен Болатұлы Нұржан 2018 жылдың 19-22 сәуір күні аралығында Ресей Федерациясының Бердск қаласында өткен «Қоғамдық дипломатия мен халықаралық қатынастардың Еуразия мектебіне» қатысып қайтты.

Мектепті «Сібір-Еуразия» сарапшылар клубы РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекетттік қызмет істері академиясының филиалы – Сібір басқару институтының халықаралық қатынастар және саясат факультетімен бірігіп ұйымдастырды.

Төрт күндік Еуразиялық мектептің жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстанның алпыстан астам жас зерттеушілері, ізденушілері мен сарапшылары белсене қатысты.

Шараны салтанатты түрде ашқан «Сібір-Еуразия» сарапшылар клубының директоры Сергей Васильевич Козлов қатысушыларға сәлем жолдап, сәттілік тіледі.

        Мектептің қамтыған тақырыптары кең ауқымды және спикерлері де өз саласының мамандары екенін дәлелдей алды. Олар: А.А. Федюкин – бизнес-тренер.    М.М. Шибутов – саяси сарапшы, Шекаралық ынтымақтастық ассоциациясының өкілі. Р.С. Курмангужин – т.ғ.к., Алматы Менеджмент университетінің доцент-зерттеушісі. С.М. Юн – т.ғ.к., Томск мемлекеттік университеті, әлемдік саясат кафедрасының доценті және т.б.

    Қысқа уақыттың ішінде қатысушылар еуразиялық интеграция, халықаралық журналистика, «жұмсақ күш» саясаты секілді күрделі сұрақтар бойынша дәріс, семинар мен шеберлік сыныптарына қатысып, бір-бірімен пікір алмаса отырып, топтық жобалар қорғады.

        Шет елдік іс-сапарға Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының білім алушыларына мүмкіндік жасаған профессор Роза Нұртазина мен доцент Дана Копежановаға алғысымызды білдіреміз!