Сотта сөйлеу - билік шешен сөзі

Қараша айының 16-жұлдызында Журналистика және саясаттану факультетінің, БІ-21 тобының студентерімен «Журналистика және шешендік өнер» пәні аясында дуэт сабақ  өтті. Пән оқытушысы, ф.ғ.д., профессор Сәуле Есембекқызы мен Заң факультетінің оқытушысы, ғалым Жамалиден Ибрагимұлы бірлесе отырып, «Сотта сөйлеу - билік шешен сөзі» деген тақырыпта топқа дәріс оқыды. Дәріс барысында қазақ қоғамда билердің алатын орны мен билік шешен сөзінің атқаратын қызметіне орай жіктелуін толықтай талдай отырып, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан Абайдың әділ билігіне байланысты бірнеше мысалдар келтіруі де студенттердің қызығушылығын тудырды. Абайдың 74 баптан тұратын атақты «Шар ережесін» айналасы 3 күнде жазып шығуы. Бұл ХІХ ғасырдың екінші жартысында билер тарихындағы соғы «Ереже» болатын. Бұндай заң сол дәуірде Ресейге бағынған басқа түркі тектес елдердің ешқайсында болмағандығы да айтылды. Тарихтан бастау алып, қазіргі күннің мәселелсі талқыланған сабақтан білім алушылар біраз ақпаратпен таныс болды.

Қоғамда болып жатқан мәселелерге үн қатып, оқиғаның бел ортасында жүретін бірден-бір маман иелері болса, олар - журналистер. Ауқымы кең, күрделі мамандықтың әр ғылым саласымен байланысы бар. Журналистика мамандығының күрделі салаларының бірі - құқық мәселесі.

Екі саланың сабақтастығын білу арқылы, БІ-21 тобы көкейлеріндегі сұрақтарға жауап ала алды.