Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

2021 жылы 19 қарашада Журналистика және саясаттану факультетінде ЦММ-11, ҚБ-11 және ҚБ-21 топтарына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кездесу өтті. Шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Заң факультеті, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Меруерт Бейсенқызы қатысты. 

Шараның мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз кәсібіне, мемлекетіне, қоғамға жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. 

Заңгер арнайы дайындаған жобасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты дәлелді дәйектермен бірге ҚР заңнамасындағы жемқорлыққа қатысты баптарды талдап, тарқатып айтып бердіді. Меруерт Бейсенқызы студенттерге сыбайлас жемқорлықтың түрлері, белгілері жайында мысалдар келтіріп, күмәнді жағдайға тап болғанда орындалатын алғы шарттарды да айтуды ұмытпады. Сонымен қатар, cыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер жайлы айтты. Сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың өзінен басталады. Әрбір адамның міндеті. 

Кездесуде студенттер заңгерге сұрақ қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы ойларымен бөлісті. 

Трбие сағат соңында шара модераторы, Теларадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Омарханқызы жемқорлыққа қарсы күресу үшін өсін өсіп келе шін өсіп келе Ойын қорытындылай келе, студенттерге жоғары деңгейде білім мен тәрбие беріп, жоғары кәсіби білімі бар, бәсекеге қабілетті мамандардың жан-жақты даму керектігін айтты. 

Құжаттағы барлық ақпарат студенттерге жеткізілді. 

ЦММ-11 кураторы - Қошанова Күлнаш 

ҚБ-11 кураторы - Гүлнұр Омарханқызы

ҚБ-11 кураторы - Рима Шакуова