Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

2021 жылы 19 қараша күні Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және саясаттану кафедрасы “Қоғаммен байланыс”  мамандығының 3-4 курс студенттері “Сыбайлас  жемқорлықсыз  болашақ” атты кездесу өткізді.  Кездесуді кафедраның аға кураторы Алгалиева Гульназым Сакеновна  және оқытушы Мүтәрбек Ардақ ұйымдастырды.
       Шараның мақсаты: студенттерге  сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік берілді.
      Кезедсуге “Nur Otan” партиясы елордалық “Бірлік” филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қожахметов Шыңғысхан  Шопанұлы және   Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Әдеп және сыбайлас жөніндегі өкілі “Әдеп” жобалық кеңсесінің жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат шабытың мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Е.Е.Нұғыманов шақырылды.
    Е.Е.Нұғыманов сыбайлас жемқорлыққа байланысты бірнеше заң  жолдарын, сыбайлас жемқорлыққа орай сақтану шараларымен таныстырып өтті. Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық сынды келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдататынын атап өтті. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.