Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы 1-ші курс студенттеріне онлайн салтанатты шара ұйымдастырды

1 қыркүйек күні сағат 14.00-де Журналистика және саясаттану факультетінде «Білім күні» мерекесіне орай Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен бірінші курсқа қабылданған студенттерге арналған онлайн салтанатты шара өтті. Шараға факультет деканы Қайрат Сақ, деканның орынбасарлары Гүлжауһар Болатова, Сейілбек Асанов, кафедра меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазы және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Факультет деканы бірінші курс студенттерін мерекемен құттықтап, университетіміздің әлемдік және отандық деңгейде бағындырған жетістіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, университеттің ішкі тәртібі мен қашықтықтан оқыту жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Кафедраның дайындаған арнайы ролигі көрсетіліп, студенттер Абайдың білім-ғылымға арнаған өлеңдерін оқыды. Қоғаммен байланыс, цифрлық медиа және жаңадан ашылған спорт журналистикасы білім бағдарламалары бойынша қабылданған бірінші курс студенттері факультет басшылығына, ұстаздарға алғыстарын айтып, мерекелік көңіл күймен тарасты.