Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы докторанттарының зерттеу іс-тәжірибесінің қорытындысы шығарылды

«6D050400-журналистика» мамандығын бітіруші докторанттары Кертаев Ринат, Жұматаев Еркін, Егембердиев Ысқақ зерттеу практикасының қорытындысы бойынша есеп берді. Қашықтықта оқыту технологиясы аясында мобильді Zoom қосымшасы арқылы өткен шараны Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Серікзат Дүйсенғазы мен кафедра бойынша практикаға жауапты аға оқытушы Абдықадыр Сабыр жүргізсе, ғылыми жетекшілер Филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев, ф.ғ.д., профессор Бауыржан Омаров, ф.ғ.к., доцент Оңайгүл Тұржан Ізтұрғанқызы докторанттарының есебі жайлы ойларын ортаға салып пікір білдіріп, тиісінше бағалады