Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында "Дағдарыс кезіндегі пиар технологияларды қолдану тәсілдері" атты ашық сабақ өткізілді

 

Ашық сабақ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Мырзантай Қожабайұлы Жақыптың ғылыми жетекшілігімен «5ВМ051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының бакалавриатында ІІІ курста оқитын студенттер үшін «Медиакоммуникациядағы әлеуметтану» пәнінің негізінде ұйымдастырылды.

Ашық сабақты өткізу барысында магистранттар Шынжырхан Сұлутай, Қаждар Іңкәр мен Мадиярбеков Саламат дағдарыс кезінде қандай пиар стратегияларды жүзеге асырып, пиар технологияларды қалай қолдану керектігіне тоқталып өтті. Кез келген ұйым немесе мекеменің дағдарысқа қарсы арнайы жоспары болу керектігін түсіндіріп, болуы мүмкін қателіктерді алдын ала ескере отырып, туындаған мәселелерді шешу жолдарын талдады. 

Ашық сабақ ойын түрінде өткізілді. Студенттерге арнайы кейстер беріліп, олардың шешілу жолдары талқыланды. Сонымен қоса, тақырыпқа қатысты мозаикалар таратылды. 

Студенттер магистранттарға талқыланған тақырыптар төңірегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.