Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының 2-курс магистранттары зерттеу практикасының қорытынды отырысын өткізді

2019 жылдың 9 сәуірінде кафедра меңгерушісі, практика жетекшілері мен практиға жауапты оқытушылар және магитранттар қорытынды конференция өтті. Отырыс барысында «журналистика» және «қоғаммен байланыс» мамандықтарының 2-курс магистранттары зерттеу орталықтарында, мемлекеттік ұйымдарда және басқа да өндірістік орындарда практика нәтижесінің есебін жеке-жеке қорғады. Білім алушылар тәжірибе барысындағы жазған ғылыми мақалалары мен еңбектерінің басып шығарылған және көшірме үлгілерін ұсынды. Есептік конференция қорытындысы бойынша, ғылыми жетекшілер магистрантардың еңбектерін тексеріп, тиісті бағаларын қойды.