Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының 2 курс магистранты кураторлық сабақ өткізді

2018 жылы 17 қараша күні «Телерадио мен қоғаммен байланыс» кафедрасының аға оқытушысы Г. С. Алгалиеваның жетекшілігімен «Қоғаммен байланыс» мамандығының ІІ курс магистранты Дана Шакарман ҚЖ-43 және ҚЖ-45 топтарының студенттерімен Паблик рилейшнз саласына қатысты кураторлық сабақтар өткізді.

Кураторлық сабақтар барысында болашақ журналистерге ақпараттық кеңістіктегі өзекті мәселелер, соның ішінде елімізде әзірге қолға дұрыс алынбаған медиа экология мәселесі туралы презентация көрсетілді. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Келесі сабақта PR атасы Э. Бернейстің атақты пиар-науқандары туралы егжей-тегжейлі баяндалған презентация студенттерге таныстырылды.

Үшінші сабақта студенттермен оқу процесі, диплом жазу, алдағы уақытта жұмысқа орналасу, кәсіби жетілу жөнінде әңгіме өрбіп, магистрант Дана Шакарман өзінің шағын жұмыс тәжірибесі, жұмысқа қалай орналасқаны туралы студенттерге айтып берді.